Сәлеметсіз бе! «Қазақстан» спорт сарайында қандай секциялар бар?

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан» спорт сарайы - әр түрлі жас ерекшелігіне бағытталған спорт саласындағы көп функциалы қызмет көрсету кешені. «Қазақстан» спорт сарайы» келушілердің назарына кіші және үлкен бассейн және жекпе-жек секцияларын (АДС – Айкидо-Джиу-Джитсу және өзін-өзі қорғау, дзюдо), хореография залы (спорттық-балдық билер, шығыс билері, заманауи билер), аэробика және т.б. сияқты секцияларды ұсынады.
Балаларды жүзуге үйрету топтарын қабылдау 7 және одан жоғары жастан басталады. АДС және Джиу-Джитсу бойынша жаттығулар төрт жас категориясымен (5-7,8-12,13-17 және 18 жастан үлкен) жүргізіледі. Дзюдо секциясына қыздар мен ұлдарды қабылдау 7 жастан басталады. Би секцияларында балалармен қоса үлкендерге де көңіл бөлінген. «Тұлпар», «Жұлдыз» және «Estrella» би залдарының тәжірибелі хореографтары шығыс, спорттық-балдық, заманауи билерді таңдауға және қозғалу техникаларына үйретеді.
Спорт сарайының әр келушісі өз шамасына қарай спорттық бағдарлама таңдай алады. Әркім Олимпиадалық рекордқа дайын болмаса да, өз спорттық белестеріне қол жеткізе алады, іске сәт!

 

Сәлеметсіз бе! Сіздерге баламды жүзуге жаздырайын деп едім, қалай және қайда бару керек?

Қайырлы күн! Балаларды топқа жазу және жүзуге үйрету 7 жастан жүргізіледі. Жазу бассейн әкімшісінде (104 кабинет) жүргізіледі. Әр 3 ай сайын балаларды топқа жазу жаңартылып отырады. Оқыту курстары 3 айға созылады. Әр топтағы адамдар саны 15 –тен аспайды. Оқыту балалар бассейнінен басталады да, 2,5 айдан соң, топ үлкендер бассейніне ауысады. Жаттығуларды біздің жүзу бойынша нұсқаушылар, жаттықтырушылар сәйкес кәсіби мамандықтарына және тәжірибелеріне сай жүргізеді.
Бұл спорт саласында Сіздердің балаларыңызға жүзуді үйретуді және үлкен жетістіктерге жетуге қуана көмектесеміз.

 

Қайырлы күн! Жүзу бассейніне қатысу графигін білуге болады ма?!

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан» спорт сарайы жүзу бассейні жұмыс кестесі: 08:00-ден 10:00 сағ. дейін. Кіру кестеге сәйкес:

1 топ 08:00 - 08:45
2 топ 09:00 - 09:45
3 топ 10:15 - 11:00
4 топ 11:30 - 12:15
5 топ 12:45 - 13:30
6 топ 14:00 - 14:45
7 топ 15:15 - 16:00
8 топ 16:30 - 17:15
9 топ 17:45 - 18:30
10 топ 19:00 - 19:45
11 топ 20:15 - 21:00
12 топ 21:00 - 21:45

Бассейнге кіру 15 мин. бұрын жүргізіледі. Ескертпе: 45 мин. бассейнге, 15 мин. сусебезгіге.

 

Қайырлы таң! Сіздерде жүзу бойынша үлкендерді үйрету қызметі бар ма? Менің жасым 25-те. (Макпал Жарылкассынқызы)

Сәлеметсіз бе, Мақпал! Өкінішке орай, үлкендерді жүзуге үйрету қызметі бізде көрсетілмейді, тек 14 жасқа дейінгі балаларға ғана.

 

Сәлеметсіз бе, бассейнге қатысу үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма Сіздерде?

Қайырлы күн! «Қазақстан» СС тарифтік жоспарына сәйкес, «Қазақстан» СС жүзу бассейніне қатысу үшін жеңілдіктер тек зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғана 300 тг. жасалған. Тариф әр сәрсенбі мен жұма күндері бассейн кестесі бойынша жүргізіледі.

 

end faq

map w  Мекен-жай: 010000, Қазақстан Республикасы, қ.Астана, Қажымұқан көшесі, 7
Байланыс: +7(7172) 35-34-90
Факс: +7(7172) 35-21-22
Жоғары