«Қазақстан» спорт сарайы» - Астананың спорттық рухының көрінісі.

Күнделікті спорт сарайына әр түрлі әлеуметтік топтардағы адамдар қатысады, олардың арасында кәсіби спортшылар және қызығушылық танытушылар, балалар.

Әр түрлі спорт түрлерімен 5000 адам айналысуға мүмкіндік беретін «Қазақстан» СС Астананың бірден-бір спорттық мекемесі болып табылады.

Спорт сарайының бетке ұстары – мұз аренасы. Бірден-бір тоңазытқыш қондырғыларының арқасында жасанды мұз алаңы тегіс әрі мөлдір. Жабық аренада хоккей матчі уақытында 4000 –нан  астам көрермен жиналады. Хоккей матчі мұздағы қызу ойын таласын сезіну мен тамашалау ғана емес, сонымен қатар командалық рух пен қазақ елінің патриоттық дамуының  үлесі. 

Олимпиадалық стандарттағы жабық бассейн үнемі су добы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатын қабылдайды. Сондай-ақ ҚР қорғаныс Министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын жүзу бойынша ел біріншілігі өтеді.  Үлкендігі жағынан екі түрлі бассейн балалар мен үлкендерге бірыңғай еркін және үлкен ықыласпен жүзуге мүмкіндік береді. Дзюдо жаттығулары үшін бұнда Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Асхат Житкеевтің жаттықтыру залы бар, жаттығулар спорт шеберлерінің басшылығымен өткізіледі.  Залда жиі «Астана Батыры» жекпе-жек клубы шеңберінде жарыстар өткізіледі. Бұнда айкидо философиясы мен джиу- джитсу шеберліктеріне тәлімгерлер рөлінде ҚР және әлем чемпиондары, спорт шеберлері.  Әр түрлі қызығушылықтарды іске асыру бойынша, түрлі деңгейдегі, билер т.б. секциялар жұмыс жасайды. «Қазақстан» спорт сарайында кәсіби  және бұқаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі. Олар хоккей ойындары және жүзу бойынша жарыстар, су добы бойынша ойындар мен үстел теннисі және т.б. Сонымен қатар, Спорт сарайы жергілікті, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық мәндегі мәдениет аренасы ретінде бір рет қана көрінген жоқ.  Олар «Астанадағы Анкара күні» концерті, ҚР рәміздері Күніне арналған концерт.  Сонымен қатар Спорт сарайы өз қабырғасында әлемге әйгілі Du Soleil циркін қабылдап, өзінің ашық-жарқын, қызықты көріністерін көрермендерге паш еткізуге мүмкіндігін жасады. Спорт сарайы басшылығы мен ұжымның негізгі міндеті мен мақсаты, түрлі шараларды ұйымдастыра отырып азаматтардың инабаттылық, мәдени деңгейлерін жоғарлату, өскелен ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру,  салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спорттың жетістігі, сондай-ақ отандық, әлемдік мәдениеттегі үлкен нәтижені көру болып табылады. Оның нақты және қалыпты жұмысымен спорттық атағы, өсіп келе жатқан жас спортшылардың болашағы,  көптеген астаналықтардың салауатты өмір салты байланысты. Спорт сарайы ұжымы өз қонақтарына, спортшыларға үнемі қуана құшақтарын айқара  ашады. Бізбен ынтымақтасуға дайын және салауатты өмір салты мен спортты жақсы көретіндерді Спорт сарайына шақырамыз!  Біз әркімге қол жетімді бұқаралық спорт үшін!

map w  Мекен-жай: 010000, Қазақстан Республикасы, қ.Астана, Қажымұқан көшесі, 7
Байланыс: +7(7172) 35-34-90
Факс: +7(7172) 35-21-22
Жоғары